Мағжан оқулары байқауы

Қарақия аудандық 4 орта мектебінде 2019 жылдың 9 сәуір 2019 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында аудандық "Мағжан оқулары" байқауы болып өтті. Аталған байқауға "Құланды орта мектебі" КММ-нен 7 сынып оқушысы Оразалина Назерке "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Аталған оқушының жетістікке жетуіне қазақ тілі пәні мұғалімі Шораева Бибігүл Сағынғалиқызының үлесі мол. Алдағы уақытта да биіктен көріне береді деп сенім білдіреміз.