«Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылды

Ақпарлама

                  Құланды  орта мектебінің «Балауса» қыздар ұйымының жоспарына сәйкес  «Бұрымды  қыз» байқауы  ұйымдастырылды.

 Мақсаты:   Қыз балаларға ата-бабамыздың дәстүрін жалғастыруды насихаттай           отырып,  ұзын шашты қыздарымыз  үшін нағыз сұлулықтың белгісі шаш екендігін ұғындыру;

                      Қазіргі кезеңдегі қыз балалардың шаш өсіру үлгілерімен қатар шашқа жасайтын сән үлгілері арқылы әсемдікке бағыттау,  шашқа күтім жасауда және шашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалану мен пайдалы кеңестер туралы айта отырып, ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметпен қарауға  шақыру.

  Байқауға «Балауса» қыздар ұйымының барлық мүшелері, сынып жетекшілер, мектеп басшылары  қатысты. Байқауға 8 және 11 сынып оқушылары қамтылды. Барлығы 16  оқушы қатысты.  «Қыздың көркі-ұзын шаш»  номинациясы бойынша

  • 11-сыныптан  -  Құрманғазықызы Нұрсая, Аманқос Ақтоты.
  • 10 –сыныптан- Саудабай Нұрай, Сейсенғалиева Мадина.
  • 9-сыныптан- Өтениязова Дильназ, Әмір Гүлзар
  • 8-сыныптан- Саудабаева Лаззат, Сейсенғалиева Ақтілек.
  •  «Ең үздік шаш  шебері» номинациясы бойынша
  • 11-сыныптан –Идреийсова Динара, Мизамбекқызы Гүлсара
  • 10 –сыныптан-Бегалина Дана, Ислам Надежда
  • 9-сыныптан- Нұрмухамедова Айнұм, Асылбек Сара
  • 8-сыныптан-Құрманбай Сая, Ғылымбекқызы Үміт – қатысты.

  «Қыздың көркі-ұзын шаш»  номинациясы бойынша ұзын шашты қыздарымыздың шаштарының ұзындығы салыстырылып, ең шашы ұзын 4 қызды анықтап  1-орынға Саудабай Нұрай, 2-орынға Өтениязова Дильназ, 3-орынды Әмір Гүлзар, 4-орынды Аманқос Ақтоты иеленсе, «Ең үздік шаш  шебері» номинациясы бойынша қыздарымыздың шашын әрлеуші яғни, әсемдеуші қыздарымыздан 1-орынға Бегалина Дана, 2-орын  Нұрмухаммедова Айнұр, 3-орынға Мизамбекқызы Гүлсара мен  Идреийсова Динара ие болды. Қыздарымыз шашының ұзындығы жөнінен  Әлемдік рекорд иегерлерімен танысып, шаш туралы ақындарымыздың өлеңдерін нақышына келтіре оқып және ән айтып, пайдалы кеңестер мен шаш туралы ырымдар мен тыйым сөздер айтып өз ойларын ортаға салды. Бұл байқау барлық қатысушылар үшін өзіндік ерекшелігі мен қызықтырушылығы жағынан жақсы әсер қалдырды деп ойлаймын.