Бастауыш сыныптар онкүндігінің қорытынды есебі


14-24 қаңтар аралығында мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы болып өтті. Апталыққа мектеп алды даярлық тобынан 4-сыныпқадейінгі барлық сыныптар ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстаркөрсетіп, белсене катысты. Апталық салтанатты жиынмен ашылды.ӘБ жетекшісі Г.Енсегенова оқушыларды апталық жоспарымен таныстырды. Қабырға газеті менсөзжұмбақ, ребустар ілінді.

Мұғалімдер ашық сабақтарындажаңа инновациялық технологиялардың әдіс - тәсілдерін шебер қолдана білді.Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардыңқабілетіне сай іс-әрекет жасауына жағдай жасалды. Оқытуды ұйымдастырудыңәртүрлі формалары: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін кеңінен пайдаланды.Заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану мақсатында интерактивтітақтамен өткізген сабақтар жоғары бағаланды.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім.Жас жеткіншектерді шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатындасыныптар арасында өткізген сыныптан тыс жұмыстар да жоғары дәрежеде өтті. Орын алғансыныптар мен оқушылар марапатталды .


Ақпарлама

Құланды орта мектебінің «Балауса» қыздар ұйымының жоспарына сәйкес «Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қыз балаларға ата-бабамыздың дәстүрін жалғастыруды насихаттай отырып, ұзын шашты қыздарымыз үшін нағыз сұлулықтың белгісі шаш екендігін ұғындыру;

Қазіргі кезеңдегі қыз балалардың шаш өсіру үлгілерімен қатар шашқа жасайтын сән үлгілері арқылы әсемдікке бағыттау, шашқа күтім жасауда және шашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалану мен пайдалы кеңестер туралы айта отырып, ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметпен қарауға шақыру.

Байқауға «Балауса» қыздар ұйымының барлық мүшелері, сынып жетекшілер, мектеп басшылары катысты. Байқауға 8 және 11 сынып оқушылары қамтылды. Барлығы 16 оқушы қатысты. «Қыздың көркі - ұзын шаш» номинациясы бойынша

11 – сыныптан - Қүрмангазықызы Нұрсая, Аманқос Ақтоты.

8 – сыныптан - Саудабай Нүрай, Сейсенғалиева Мадина.

9  - сыныптан -  Өтениязова Дильназ, Әмір Гүлзар

8 -  сыныптан- Саудабаева Лаззат, Сейсенғалиева Ақтілек.                   

«Ең үздік шаш шебері» номинациясы бойынша

11-сыныптан -Идреийсова Динара, Мизамбекқызы Гүлсара 10 -сыныптан-Бегалина Дана, Ислам Надежда

сыныптан- Нүрмухамедова Айнүм, Асылбек Сара 8-сыныптан-Қүрманбай Сая, Ғылымбекқызы Үміт- катысты.

 «Қыздың көркі - ұзын шаш» номинациясы бойынша ұзын шашты қыздарымыздың шаштарының ұзындығы салыстырылып, ең шашы ұзын 4 қызды анықтап 1 - орынға Саудабай Нүрай, 2-орынға Өтениязова Дильназ, 3- орынды Әмір Гүлзар, 4-орынды Аманкос Актоты иеленсе, «Ең үздік шаш шебері» номинациясы бойынша қыздарымыздың шашын әрлеуші яғни әсемдеуші қыздарымыздан 1-орынға Бегалина Дана, 2-орын Нүрмухаммедов Айнүр, 3-орынға Мизамбеккызы Гүлсара мен Идреийсова Динара ие болды, Қыздарымыз шашының ұзындығы жөнінен Әлемдік рекорд иегерлерімен танысып, шаш туралы ақындарымыздың өлеңдерін нақышына келтіре оқып және ән айтып, пайдалы кеңестер мен шаш туралы ырымдар мен тыйым сөзде^ айтып өз ойларын ортаға салды. Бұл байкау барлық қатысушылар үшін өзіндік ерекшелігі мен қызықтырушылығы жағынан жақсы эсер қалдырды деп ойлаймын.


akparlama.pdf