«Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы ашық сұхбат


Құланды орта мектебінде өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы ашық сұхбат ақпарламасы


30-қаңтар күні Құланды орта мектебінің кітапханасында қамқоршылық кеңесінің төрағасы Т.Амановпен «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы ашық сұхбаты болып өтті. Мақсаты: оқушыларға ұлттық  құндылықтарды түсіндіру, адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу. Ашық сұхбатқа 11-сынып оқушылары қатысты. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы бірнеше жастарға рухани білім берді деп айта аламыз. Тоқберген ағамыз жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні маңызды екенін,  жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттылық бағытында, адамгершілік тақырыбында, салт –дәстүр мен ұлттық құндылықтар тақырыбында әңгіме айтты. 

Оның үстіне қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар жастардың қатысуымен жүріп жатқандығын, кейбір  ата-аналардың балаға көңіл бөлетін  уақыттарыда жетпей жұмыстан босамай жататындығын айтты. Қазіргі қоғамда орын алған жасөспірім балдардың бір-біріне әлімжеттік жасап, соңы өлімге әкеліп соғып жатқандығын айтып ондай әдеттерден аулақ болуға шақырды. Биыл Елбасымыздың 2019 жылды «Жастар жылы» -деп белгілегені жөнінде, қазіргі жастарға  көпдеген мүмкіншіліктің барлығын, «21-ғасыр - Білімділердің ғасыры» екенін айтып дүниедегі өз орнын тауып,  кірпіш болып қалануына тілек білдірді. 

Оқушыларды өзіміздің қазақтың батырларын үлгі тұтып, адамгершілікті шыншыл болуға, батыр болуға, өз елін, жерін сүйетін азамат болуға шақырды.Бұндай кездесулер тәрбиелік тақырыпты ғана қозғамай, белгілі тұлғаны да жастарға  танытады, тәжірибе береді.