Тәуелсіздік елім-Тұғырын сенің биікте

Желтоқсан айының 14-күні Құланда орта мектеінде «Тәуелсіздік елім-Тұғырын сенің биікте» атты шарамыз ұйымдастырылды Шара басталмас бұрын Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Мерекелік іс шарамыздың алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Кыстаубаев Дархан Бақтыбайұлы мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтай отырып, оқушыларды бірлікке шақырып, оқуда озат болуға, шығармашылыққа шалқар шабыт тіледі. 


Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен ағылшын пәнінің мұғалімі Хыйлиева Манарды марапаттады. Мерекелік концертіміздің жүргізушілері Сағындық Сабыр және Сисенғалиева Мадина тәуелсіздік тарихы туралы қысқаша мағлұмат бере кетті.

Содан кейін оқушылар асқақ дауыстарымен Отанына деген патриоттық сезімін білдірсе, мың бұралған әсем биімен «Шашу» тобының биші қыздары шараны көңілдете түсті.

9-сынып оқушыларының дайындаған « 18 желтоқсан күнгі Қайраттың үйі» атты сахналық қойылымы көрермен жұртты жылатпай қоймады, тәуелсіздік жолында құрбан болған ер жүрек болған батыр Қайрат Рысқұлбековтың бейнесі шынайы, әрі әсерлі етіп жеткізіп берді.


Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Шалабай Расулдың өз шығармасынан «Тәуелсіздік күні» тақырыбында өз өлеңін оқып көрермендердің ықыласына бөленді.

Шара соңында сөз алған тәрбие жөніндегі орынбасар Ш.Баймуханова ұжым мен оқушыларды мерекемен құттықтап, Отанымыздың болашақ ұрпағы жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атануына тілегін білдірді..

Орындаған МДТЖО: Ш. Баймуханова.