Сыбдыры сұлу, Алтын күз!

Құланды орта мектебінде 25.10.2018 жылы «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты мерекелік кешіміз өтті. Мерекелік кешіміз сайыс түрінде өткізілді. Оған 8-10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатыстырылды. Оқушылар мерекелік кешке өте белсенді қатысты.

Сайыс мынадай 5-бөлімнен тұрды.

  • Таныстыру
  • Өз өнерін көрсету.
  • Күзгі бұйымдар жасау.
  • Сұрақ-жауап
  • Ас мәзірі
  • Сән үлгісі

Әділ қазы алқалары сайланып әділ бағалары берілді. Нәтижесінде сыныптар мынадай марапаттарға ие болды.

8 ә- Ханзада мен Ханшайым

8 а – Шебер қолдар

9 ә – Үздік аспазшы

9 а – Өнерлі жұп

10 – Көрікті жұп


Орындаған МДТЖО: Ш. Баймуханова