Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің 1-қыркұйек

Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің 1-қыркұйек «Білім күніне» ақпарламасы

Оқу мен тәрбие – егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.Ұлы данамыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В.Белинсий «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының  негізі мәселесі шешіледі»  деп білгірлікпен  дөп басып айтқан. Құланды орта мектебі 2018-2019 оқу жылын  «1- қыркүйек Білім күніне» орай салтанатты жиынмен ашылды. Салтанатты жиынды еліміздің  әнұранмен бастадық. Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Д.Кыстаубаевқа беріледі.Мектеп директоры өткен оқу жылы бойынша мектебіміздің  жетістіктері мен білім сапасы туралы ақпарлама жасады.  Сонымен бірге ҰБТ қорытындысы бойынша 11 сынып оқушыларының мемлекеттік грантқа түскендігін айта кетті. Олар: Елеусіз Гүлжанат Алматы қаласындағы С.Демиров атындағы  университетіне қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне,Жайлы Арыс  Алматы политехникалық университетіне  жылу  энергетикасы мамандығына,  Құрманбай Аян Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ядролық физика мамандығына түскен. Келесі сөз депутаты А .Бекова жиынға қатысушыларды білім күнімен  құттықтап, алғашқы мектеп  табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге  сәттілік тіледі. Сондай-ақ жиын мектеп оқушыларының  дайындаған мың бұралған биімен және әншілеріміздің әнінен  шашу шашылды. Ата-аналарымыз жылы тілектерін айтып, 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері  мектебімізге арналған өлеңдерін оқып , алғашқы қоңырау соғылды... Мерекелік шарамыз «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру»  тақырыбындағы алғашқы білім сағатымен жалғасты. Алғашқы білім сағатының мақсаты : «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру »  бағдарламасын  насихаттау , оқушыларды Отанды сүюге , өз елін , тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен тарихи  көзқарасты  сіңіру  арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағытталған.


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4792.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4782.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4788.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4793.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4791.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4790.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4789.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4784.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4778.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4772.JPG


C:Users204 №2DesktopнурсултанIMG_4786.JPG