Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдай келе биылғы жылдан бастап халқымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми- мәдени тұрғыдан жағдайымыз артатынына үлкен сеніммен қараймын.  Мемлекет басшысы айтқандай қолдау шынымен мұқтаж жандарға көрсетілуі тиіс,  себебі қазіргі уақытта көпбалалы отбасыларымызбен,  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар біршама.  Оларды баспанамен,  жұмыспен,  балаларын оқумен қамту еліміздің әлеуметтік жағдайын біршама көтереді деп ойлаймын.  Сонымен қатар Мемлекет басшысының микро және шағын бизнеспен айналысатын компанияларға қолдау көрсетуі орынды деп ойлаймын.  Микро және шағын компанияларға көмек көрсету арқылы халқымызды жұмыспен қамтамасыз етеміз,  еліміздің экономикасын көтереміз. Ал үкіметке жұмыс істейтін азаматтардың бірі ретінде,  оның ішінде мұғалім ретінде 2020 жылдан бастап жалақымыз 20% өсумен қатпр,  зейнетақы қорындағы қаражатымызды өз мүддемізге қолдана алатынымызға қуаныштымын. Осы кезекте Мемлекет басшысына қолдау көрсеткеніне алғыс білдіріп,  халқымызды өзімізге, елімізге,  басшымызға сенім артуға шақырамын!