«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

''Құланды орта мектебі'' КММ-да 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап 30 қыркүйекке дейін Республика көлемінде «Жүректен жүрекке! » ұранымен «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жасақталған шараға сәйкес,  ауылдың 6 шағын ауданына мектеп  жасындағы балаларды тарту мақсатында тексеру жүргізілді.  Балаларды мектепке дайындауда мұқтаж отбасыларының балалары анықталып.  Аталған отбасылар туралы мәліметтер қамқоршылық кеңесіне ұсынылды.  Акция барысында Абдрахманов Қуанышбек Спанұлы 5 баланы,  Көпекова Шәрбану 15 баланы,  Жанұзақұлы Қайнар 8 баланы мектеп формасымен қамтамасыз етті.